jasqazaq.kz

Елімізде пневмонияның дәрісі тегін таратылатын болады

21 шiлде 2020, 16:31

Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияны, коронавирустық пневмонияны және КВИ-ді үйде және амбулаторлық жағдайда емдеуге арналған медициналық хаттамаларға бес негізгі фармацевтикалық дәрілерді енгізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

— Адамдар бұл препараттарды көшеден іздеп жүрмесі үшін, алдын ала біз пневмонияны, коронавирустық пневмонияны, КВИ-ді үйде және амбулаторияда тікелей емдеуге арналған 5 негізгі фармацевтикалық дәрі-дәрмекті хатамаға қосу мәселесін пысықтаймыз. Қазір қажетті процедуралар жүргізіліп жатыр, емдеу хаттамалары енгізілуде, біз науқастардың ауруханаға бармай-ақ үйде алуға болатындай етіп дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесімен айналысып жатырмыз, — деді ол.

Сонымен қатар, ол бөлшек сауда желілеріне дәрі-дәрмек жеткізуді бір жолға қою үшін барлық күш-жігер жұмсалғанын атап өтті.

— Бөлшек сауда үшін біз Ресей мен Үндістанға 6 рейс ұйымдастырдық және Қазақстанға 4 миллионнан астам қорап дәрі-дәрмек жеткізілді, сонымен қатар әр аймақ осы мәселемен өз бетінше айналысады, дәрінің қолжетімділігін арттыру үшін қосымша ұшақтар рейске шығарылуда. Кейбір жерлерде біз әлі де белгілі бір тапшылықты көріп отырмыз, бірақ жалпы жағдай тұрақтанды. Бірақ дәрі-дәрмек жоқ емес, келіп жатыр. Бұл процесс түзеледі, біздің компаниялар нарыққа қажетті дәрі-дәрмектер уақытында жеткізіледі деп ойлайды, — деді министр.

zakon.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі