jasqazaq.kz

Елімізде онлайн митингілер өткізу ұсынылды

17 ақпан 2020, 13:17

Алматының қоғам белсенділері Қазақстанда бейбіт митингілерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан, осы заңда (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы) әлеуметтік желілер тенденциясының жүзеге асқанын қалаймын. Мұнда онлайн-митингілер, онлайн-сауалнамалар өткізуге болады. Сөйтіп, кез келген адам онлайн-митингілер арқылы өз пікірлерін білдіре алады», — деді Болат Жұматаев.

Өз кезегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл ұсыныс назарға алынатынын жеткізді. «Бұл керемет идея. Біз сіздің ұсынысыңызды мұқият зерттейміз. Мұнда шынымен логика бар. Мұны қарастыруға болады. Бірақ ғаламтордағы митингілер, сауалнамалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Егер бәрі онлайн режимінде болса, онда неге болмасқа», — деді Дәурен Абаев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия