jasqazaq.kz

Елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген 7 млн борышкер бар

20 желтоқсан 2022, 13:56

7 млн-нан астам отандасымыздың берешегі бар. Оның қатарында, несие, микрокредиттік агенттіктер алдындағы қарызы, коммуналдық төлем мен алимент бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде елімізде 7 млн-нан астам борышкер бар. Олар тек банк пен коллекторлық агенттіктерге қарыз емес, коммуналдық төлемдер, алимент бойынша да берешектері бар азаматтар. Ал банктер мен микрокредиттік агенттіктердің алдында 1,5 млн адам берешек. Төлемді өтеу мерзімі 3 айдан асып кетсе, ол азамат берешектер тізіміне енгізіледі. Берешек бойынша мәселені кірістер комитеті сотқа жеткізбей шешу амалдарын ұсынады. Нәтиже болмаған жағдайда сот арқылы шешуге тура келеді», — деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың дені несие бойынша берешек.

«Берешегі көп өңірлер қатарында Түркістан, Алматы облысы және ШҚО бар. Аталған өңірлерде халық саны көп, сондықтан да қарызданушылар молынан шоғырланған», — дейді ол.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежановтың мәлімдеуінше, бүгінде 3 млн-ға жуық адамның коммуналдық төлем бойынша 20 млрд теңге қарызы бар.

Одан бөлек, 791 мың адамның 20 млрд теңгеге салық қарызы өтелмеген.

Айта кетсек, бүгін Сенат қабырғасында азаматтардың төлем қабілеттілігі және банкроттығы туралы заң жобасын қабылдап, орындалу процесі талқыланды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр