jasqazaq.kz

Елімізде некеге тұру мен ажырасудан қай облыстар көш бастап тұр?

03 тамыз 2017, 15:44

Әділет министрлігіндегілер Қазақстанда тіркелген некелер мен ажырасқан отбасылардың саны қанша екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомстводағылардың ресми сауалға берген жауабында Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша 75 701 некеге тұру актісі мен 31 469 ажырасу актісі тіркелгені айтылады. Некеге тұру дерегі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көш бастап тұр. Онда 11 279 неке тіркелген.

Кейінірек тізімде Алматы — 9 278, Алматы облысында — 8 034 некеге тұру актісі тіркелген. Елордамыз бұл тізімнің 4-орнына тұрақтады. Астанада биыл 6 034 неке тіркелген. Сондай-ақ, статистикаға қарағанда, ажырасу дерегі ең көп тіркелген өңірдің көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр.

ОҚО-да биыл 3 108 ажырасу актісі толтырылған. Ең көп ажырасу актісі тіркелген өңірлердің тізімінде Ақмола облысы 1-орында тұр. Ақмола облысында 2 771 неке, 1 508 ажырасу дерегі тіркелген.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде