jasqazaq.kz

Елімізде коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды

01 тамыз 2020, 14:04

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Вакцина салынған алғашқы қазақстандық — орталық директоры Қайсар Табынов. Препаратқа COVAX-19 атауы берілген. Аустралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.

«Бұл шынында коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы жақсы жаңалық шығар. Яғни, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның пайда болуы. Жалпы, халықты осы өте жағымсыз және қауіпті аурудан жаппай иммундау тақырыбы қазір әлемде өте өзекті. Иммунология және вирусология саласындағы көптеген маман коронавирустың осы түрі туралы қажет білім алып, пандемияны әлемнің әртүрлі еліне вакциналарды қолдана бастағанда ғана тоқтатуға болатынын айтады. Бұл препараттарды жасауға көптеген ғылыми ұжым, институт пен компания айналысады. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істепжатыр. Қолдану үшін үлгілер дайын», — дейді тілші Григорий Беденко.

Жаппай вакцинациялау — біраз уақыттың мәселесі. Бірақ уақыт факторы өте маңызды, себебі, өкінішке қарай, инфекциядан қайтыс болғандар саны өсіп келе жатыр. Сондықтан Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығы балама шешім ұсынады.

Телеарна тілшісі Қазақстанның жеке вакцинасын Жамбыл облысы Отар аулында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты айналысып жатқанын айтты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия