jasqazaq.kz

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылады

24 маусым 2020, 12:49

Көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

«Салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады», — деді министрі тиісті заң жобасын талқылау кезінде.

Сондай-ақ бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібін) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады. Еске сала кетейік, биыл наурыз айында халыққа қолайлы ету мақсатында көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру қарастырылып отырғандығы хабарланған еді. Қазір салық жыл соңына дейін төленеді. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылды.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі