jasqazaq.kz

Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тұрады

24 қараша 2021, 11:40

2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, еліміз халқының саны 19,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% көп. 2020 жылдың осы кезеңінде елде 18,8 млн адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлерді жеке қарастырғанда, тұрғындардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 2,1 млн адам. ТОП-3-ке Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы қаласы (2 млн адам) кірген. Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: 539,4 мың адам. 2021 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша, елде Қазақстан есімді 24 адам тұрады. Қазақстан есімді адамдардың басым бөлігі Ақмола облысы мен елордада тұрады – әр өңірде 6 тұрғыннан бар. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында – төрт, Қостанай облысында – үш, Шымкент қаласында – екі, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бірден Қазақстан есімділер тұрады. Қазақстандықтар балаларына еліміздің ірі қалаларының аттарын да берген (ҚР-да олардың 18-і тұрады). Елімізде 28 – Семей, 21 — Алматы, 18 Түркістан есімді адам бар.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр