jasqazaq.kz

Елімізде қауіпті жұқпалы дерт тіркелді

09 шiлде 2019, 16:36

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елдің оңтүстік өңірінде тұрғындар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«9 жағдай тіркелді. Қызылорда облысында 4 адам және Түркістан облысында 4 адам жұқтырған. Тағы бір адам бұл ауруды Өзбекстан Республикасынан жұқтырыпты», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда Жандарбек Бекшин шетелге шығатын қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.

«Өте жұқпалы аурулардың бар екенін естен шығармауымыз керек. Мысалы, денге безгегі. Соңғы екі жылда 9 қазақстандық турист осы ауруға шалдықты. Қазақстандықтар Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Сингапурде болып, экзотикалық дертті жұқтырған», — деді бас санитарлық дәрігер.

Сонымен қатар Бекшин тырысқақ жұқтырған 10 науқас тіркелгенін атап өтті.

«Бұл жағдай қыста тіркелді. Үндістандық туристер Шымбұлаққа келгенде белгілі болды. Осы ауру дер кезінде анықталып, Қазақстанның басқа өңірлеріне тарауға жол берілмеді», — дейді ол.

Сөз соңында бас санитарлық дәрігер шетелде демалғысы келетін туристерге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына кіріп, тиісті ақпарат алуға кеңес берді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда