jasqazaq.kz

Елімізде қанша адамның азаматтығы жоқ?

11 желтоқсан 2019, 15:08

Қазақстанда жеті мыңнан аса адамның азаматтығы жоқ. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бейбіт Мамыраев азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтарға тоқталды. Мәжілісменнің айтуынша, 2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар саны 1,2 есеге өскен. Ал азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар саны 4,5 есеге ұлғайған. Депутат ішкі министрлігінен мұның себебін сұрады.

Қожаев 2016 жылдан бері көші-қон заңнамасын бұзған адамдар саны азайып келе жатқанын алға тартты. Алайда, статистика бойынша азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар аздап өскен.

«Қазір елімізде азаматтығы жоқ 7 мыңнан астам адам бар. Олар жасайтын заң бұзушылықтар, негізінен, Қазақстанда тіркеусіз тұруы, куәлік күшінің жойылуы немесе жоғалтуы, тағысын тағы. Мұның барлығы рейдтік және тексеріс шаралары кезінде анықталып отыр», — деді министрдің бірінші орынбасары.
Қожаев министрлік бұл заң бұзушылықтарды есепке алып, азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын сақтауын қадағалап отырғанын атап өтті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда