jasqazaq.kz

Елімізде қандай мамандықтар сұранысқа ие?

03 қазан 2018, 15:50

Жоғары оқу орындарындағы студенттердің тәжірибе жүзіндегі білігі кемшін. Себебі теорияға басымдық беріледі. Бұл тиісінше университеттен түлеген түлектердің жұмысқа орналасуына кері әсерін тигізеді.

Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізген. 64 мамандық бойынша рейтинг жасалыпты. Нәтижесінде «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы ең төменгі бағаға ие болды. Ал көш басында 80 процент ұпаймен «Металлургия» мамандығы тұр. Талғат Ешенқұлов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы: — Осы бағалауға негіз болған – 4 критерий. Біріншісі – ЖОО осы аталмыш бағдарлама бойынша бітірген студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Екіншіден – осы жұмысқа орналасқан азаматтардың жалақыларының көлемі. Үшінші бағалайтын критерий – жұмыс берушінің осы бағдарламаны бағалауы. Төртінші фактор – осы ЖОО бітірген студенттердің ой-пікірі. Жарқын Байпақбаев логистика мамандығы бойынша сарапшы: — Енді кемшіліктерге қысқаша тоқтала кетейін. Кейбір ЖОО құжаттары толық емес. Кейбірінің силлабустары жоқ. Кейбірінің әдебиеттерінің өзі ескірген. Лабораториялық жұмыстар, жұмыс берушімен байланыс қарыстырылмаған.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді