jasqazaq.kz

Елімізде карантин режимі созыла ма?

09 шiлде 2020, 13:34

Денсаулық сақтау министрі елімізде карантин режимін ұзарту немесе аяқтау туралы шешім қай күні шығатынын айтты.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтып берді. Оның сөзінше, қатаң карантиннің нәтижесі вирустың инкубациялық кезеңі, яғни 14 күн өткеннен кейін анықталады. Себебі осы уақыт ішінде инфекция жұқтырғандардың симптомдары анық байқалады. Сол кезде коронавирустың таралу статистикасынан шектеу шараларының тиімділігін көруге болады.

«Карантин режимін ұзарту немесе аяқтау туралы шешімді келесі аптада нақты статистикалық мәліметтер шыққан соң өзіміздің және шетелдік мамандармен бірлесе отырып қабылдаймыз», – деді Алексей Цой.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 53 021 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша қауіпті дертті жұқтырған тағы 1962 адам тіркелген.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық