jasqazaq.kz

Елімізде карантин кезінде үйдегі зорлық-зомбылық артып барады

21 сәуiр 2020, 20:57

Карантин кезінде елімізде үйдегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандар көбейді. Соңғы бір айда Алматыда үйінде оңбай таяқ жеп азап шеккен нәзік жандардың саны екі есеге артқан….

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаладағы бір ғана арнайы орталықтың өзіне 300-ден аса әйел көмек сұрап хабарласыпты. Жақынынан қиянат көргендер үйіне қайта баруға қорқып, әлеуметтік мекемелердің есігін қағып жүр. Төтенше жағдай жарияланғалы әлеуметтік мекемеге келушілер саны күрт өскен. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болғандардың дені – қыз келіншектер. Тіпті қастарында туған баласынан зәбір көрген қария мен ата-анасының қысымына шыдамаған өрімдей қыздар да бар. Көбі — өз күйеуінен қорлық көрген келіншектер.

30 жастағы бұл келіншек өз күйеуінен адам сенгісіз азап көргендердің бірі. Отасқанына 6 жыл болған жолдасы оны көгала қойдай сабауды әдетке айналдырған. Ақырында шыдамы таусылған ол екі баласымен үйден кетіп, бір айдан бері зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығын паналап келеді.

— Ұрыс-керіс түкке тұрғысыз сөзден шыға бастады. Енемнің айтқанын тыңдайды. Енем не үшін, білмеймін, мені баласына жамандай береді. Ұрғызады. Неше үшін мұндай ұрыс-керіс шығатынын, не ұнамайтынын білмеймін.

Өкініштісі, карантин басталып, үйден шығуға тыйым салынғалы мұндай озбырлықтың саны одан әрі артқан. Көбі «вирустан сақтанудың жолы» деп, ащы суға сылқия тойып, келіншегіне қол ала жүгіреді екен. Ал орталық басшысы мұнда да сақтық шаралары қатаң сақталғанын айтады. Өздеріне берілген бөлек мекемеге карантинге жатқызылып, қауіпті вирустың бар-жоғы анықталған соң осында орналастырады.

Зүлфия Байсақова, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры:

— Қыз-келіншектер карантин кезінде сыртқа шығуға тыйым салынғандықтан, араша сұрап ешқайда бара алмай қалды. Сондай-ақ, көп мекеме жұмысын тоқтатқандықтан, кінәлілер жауапқа тартылмай жатыр. Істің ақ-қарасын анықтауға сот-медициналық сараптамасы да жүргізілмей, уақытты өткізіп алады. Мұның бәрі жағдайды одан әрі ушықтырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналғандар санын көбейтіп жатыр.

Карантиннің отбасына да үлкен қауіп келтіріп жатқанын психологтар да растап отыр. Олардың айтуынша, көбіне түзде жүретін әке енді үйдегі өмірге жедел кірісе алмай жатыр. Күндегідей жағдайы жасалмаған жолдасы өзін қажетсіз сезініп, ашуға ерік береді. Бұған қоса, қаржы тапшылығы да қажытып жатқан көрінеді. Ділдә Сақтағанова, психолог:

— Өте үлкен өзекті мәселе тәуелділікке шалдыққан отбасылардағы конфликт. Ішімдік, нашақорлық тағы басқа – жалпы невротиктар. Психологиялық-эмоционалдық тұрғысында тұрақтылық жоқ азаматтар, азаматшалар, көбіне осы халде ұрыс-керіс, дау-дамайды өршіктіріп, бұны конструктивті түрде емес, диструктивті түрде дамытып жібереді.

Бұл Алматыдағы бір ғана мекемедегі мәлімет. Ал жалпы карантин кезінде елімізде нақты қанша қыз-келіншектің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқаны белгісіз.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі