jasqazaq.kz

Елімізде ішімдікке құмар жастар көбейген

20 қараша 2018, 12:07

Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының жүргізген зерттеуі нәтижесі бойынша алкогольді ішімдікке тәуелді елдер тізімінде Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді екен. Бұл елімізде әр жанға 11 литр ащы судан келетінін көрсетеді. Ал бұл көрсеткішті көбіне кәмелетке толмаған балалар толықтырады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Еліміздегі ең кішкентай араққұмарлардың бірі Өскеменде тұрады. Алты жасар бала дұрыс сөйлей алмаса да, алкагольді ішімдікке әбден үйреніп алған. Ал жалпы ащы суға құмар балалардың көшін Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының жеткіншектері бастап тұр екен.

«Маған әр түрлі жастағы науқастар қаралады. Мәселен, 10-12 жастағы балалар да келеді. Алайда, бір рет менде енді ғана туған сәби де емделген. Оның анасы жүкті болғанда, ішімдікке жақын болыпты. Осылайша, баласы да алкоголизмге шалдығып дүниеге келген» , — дейді нарколог Валентина Гниненко.
Бұл мәселеге пікір білдірген заңгер балалардың қоғамдық орындарда арақ-шарап ішсе, жауапкершілік тікелей ата-анасына жүктелетінін айтты.

«Кәмелет жасына келмеген бала қоғамдық жерде маскүнемдікке байланысты арақ-шарап ішсе, бұл жағдайларда ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған кезде айппұл төлейді. Бала өзінің пәтерінде немесе өз үйінде маскүнемдікке байланысты арақ шарап ішсе, бұл жағдайларда қандай болады? Мұндай жағдайлар заңнамада тікелей көрсетілмеген», — дейді заңгер Айсана Сман.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді