jasqazaq.kz

Елімізде инфляция деңгейі 7,4% құрады

19 наурыз 2021, 12:36

Қазақстанда жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.

Ұлттық банктің мәліметіше, жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. Азық-түлік бағасының өсуі жеделдетуді жалғастырды.Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендеді. Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендеді 2021 жылғы ақпанда инфляция 0,7% құрады, жылдық мәнде өзгеріссіз қалды –7,4%. Инфляцияға негізгі үлес бұрынғыдай азық-түлік тауарларына бағаның өсуі ықпал етеді, ақпан айында азық-түлік инфляциясының 11,6% дейін аздап жеделдеуі тіркелді (2021 жылғы қаңтарда – 11,4%). Күнбағыс майының (41,9%, г/г), қанттың (39,1%), жұмыртқаның (32,9%) одан әрі қымбаттауы байқалды. Сонымен қатар, ұнның, жарма мен нанның жекелеген түрлері қымбаттады. Құс етінің де бағасы өсті. Әлемдік азық-түлік нарықтарында іс жүзінде барлық өнім түрлерінің қымбаттауы жалғасуда, атап айтқанда, 2021 жылғы ақпанда қант пен өсімдік майларына ең жоғары өсу қарқыны байқалды. Бағаның ең үлкен өсімі тамақ өнімдері өндірісінде 13,1%-ға соның ішінде өсімдік және жануар майлары (37,3%), қант (23,1%), ұн-жарма өнімдері (15,8%) өндірісінде тіркелді. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыртқа (44,5%), майлы тұқымдар (30,8%), картоп (22,9%) бағасының жылдық өсуі байқалды. Азық-түлік емес тауарлардың жылдық инфляциясы 2021 жылғы ақпанда 5,2%-ға дейін баяулады (2021 жылғы қаңтарда – 5,3%). Инфляция құрылымында азық-түлік емес тауарлардың көпшілігі қалыпты өсу қарқынын көрсетті. Дәрі-дәрмектер мен жеке тауарларға бағаның өсуі баяулады. 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы жоғары базаның аясында бензин (1,9%-ға төмендеу, ж/ж) және дизель отыны (7,1%-ға төмендеу, ж/ж) бағаларының дефляциялық серпіні тіркелді (бензинге акциздер артты). Сонымен қатар, құрылыс материалдарының, сондай-ақ киім мен аяқ киімнің көптеген түрлерінің, атап айтқанда балалар киімдері мен бас киімдердің қымбаттауы байқалды. Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсуі 2020 жылдың ақпан айында коммуналдық қызметтер тарифтерінің жыл басына тән емес төмендеу нәтижесінде 3,9%-ға дейін баяулады (2021 жылғы қаңтарда – 4,1%). Жалпы, реттелетін коммуналдық қызметтер жылдық мәнде 0,1%-ға арзандады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия