jasqazaq.kz

Елімізде халықаралық деңгейдегі көпбейінді 16 аурухана салынады

28 сәуiр 2020, 12:30

2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бүкіл республикадағы аурухана инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланған. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі көпбейінді 16 аурухана (облыстық көпбейінді аурухана, қалалық көпбейінді аурухана, университеттік клиника) салынады. Ауруханалар заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып жоспарланады.

Ұзақмерзімді келісімшарттар аясында медициналық техникамен, ақпараттық жүйемен толықтай жабдықталып, техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. Әрбір стационарда пациенттерді дер уақытында әрі сапалы диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін заманауи инфекциялық корпустар салу, клиника қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың инфекциялық емес желісіне жүктемені төмендету жоспарланған.

Ауруханаларды мемлекеттік-жекешелік серіктестік келісімшарты және өзге де ұзақмерзімді келісімшарттар аясында құру көзделген. Бұл бюджетке бір мезетте түзетін ауыртпалықтан арылуға мүмкіндік беріп, шетел капиталын тартуға, аурухана құрылысына жаңа технологияларды енгізуге және денсаулық сақтау нысандарының пайдалану сапасын арттыруға жол ашады.

Бұл 5-6 жылдың ішінде Joint Commission International (JCI) халықаралық стандартына сайкелетін 8 мыңнан астам төсек-орынға шақталған алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық аурухана желісін құруға мүміндік береді. Аталған жобаға отандық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ауруханалар құрылысында тәжірибесі бар шетелдік компаниялар мердігер болады.

Аурухана құрылысына қатысты жобаларды дер уақытында жүзеге асыру үшін жобалық компания — денсаулық сақтау саласындағы оператор құрылады. Компанияның негізгі міндеттері: әзірлеу кезеңінде — бұл аталған жобалардың барлығын әкімшілеу және үйлестіру, МЖС келісімшарттарын жасау шараларын жүзеге асыру; МЖС келісімшарттары бойынша жеке серіктестің міндеттерін орындауын бақылау.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия