jasqazaq.kz

Елімізде халық саны қанша?

16 ақпан 2018, 15:52

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 157,1 мың адамға жетті. Соның ішінде қалалықтар — 10 426,5 мың адам (57,4 пайыз), ауылдықтар — 7 730,6 мың адам (42,6 пайыз), — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 231,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

«АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда туылғандар саны — 390,5 мың адам. Бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 4,7 пайызға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,65», — делінген министрліктің хабарламасында. Сондай-ақ, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 17,0 мың адамға немесе 6,1 пайызға кеміп, 260,5 мың адамға жеткені айтылады. Ведомство мәліметінше, табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,44 адамға тең болды. Ал қайтыс болғандар саны жайлы мәліметке қарағанда, өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,21 адам.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 1 жасқа дейінгі 3150 нәресте өлімі тіркелді. «2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 10,6 пайызға азайды. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанада 1586 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,3 пайызға құрады. Туа біткен ауытқулардан 731 немесе 23,2 пайызға, тыныс органдары ауруларынан -195 немесе 6,2 пайызға және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан — 168 немесе 5,3 пайызға нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,07 болды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 20,5% көбейіп, 16 081 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 7,8 пайызға көбейіп, 37 704 адам болды, көші-қонның айырымы -21 623 адам. Сондай-ақ, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуының ТМД мемлекеттерімен екені айтылады. — ТМД елдерінен келгендердің үлесі — 72,1 пайыз; — ТМД елдерге кеткендердің үлесі — 89,4 пайыз.

«Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 35,4 пайызын алды. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы: Астана қаласы — 36 449 адам; Алматы қаласы — 31 775 адам; Ақмола облысы — 1 544 адам қалыптасты», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты