jasqazaq.kz

Елімізде ескі көліктер көбейіп барады

14 қазан 2019, 15:47

Ел аумағында жүрген көліктердің 60 пайыздан астамы 10 жыл бұрын шығарылған.

2019 жылдың шілде айының соңында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3,7 миллионға жуықтады. Халықта 3,5 млн жеңіл көлік бар. Ел мініп жүрген жеңіл көлік санының жылдық өсімі 4 өңірде ғана тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында — 2,6 пайызға артып, 265 мың, Алматы облысында — 1,2 пайыз көбейіп, 489,3 мың, Жамбыл және Қызылорда облыстарында — 0,1 пайызға ұлғайып, тиісінше 196,5 мың және 112,7 мың көлікті құрады. Дипломатиялық нөмірі бар автомобильдердің саны да 17,7 пайызға артып, 29,1 мыңға жетіп отыр.

«3 жылдан бастап 7 жылға дейінгі аралықта шығарылған көліктердің саны да 18,2 пайызға артты. Олардың жалпы үлесі 12,6-дан 15,7 пайызға жетіп отыр. Барлық тіркелген автомобильдердің үштен екісіне жуығы — 10 жылдан астам уақыт бұрын шығарылған көліктер. Олардың саны бір жылда 2,9 пайызға кемігенімен, жалпы үлесі 63-тен 64,8 пайызға дейін көбейген. Шығарылғанына 3 жыл толмаған көліктердің саны 25,9 пайызға қысқарған», — делінген таратылған ақпаратта.

Ескі көліктер санының артуына екінші деңгейлі банктердің шыққанына 10 жылдан асып кеткен автомобильдерді сатып алуға несие беруі себеп болып отыр. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын банктер зауыттан шыққанына 7 жылдан аспаған көліктерді ғана сатып алуға несие беретін еді.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда