jasqazaq.kz

Елімізде eSIM енгізілуі мүмкін

01 қазан 2019, 14:36

Қазақстанда 5G енгізілгеннен кейін ұялы телефондарға eSIM енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ЕSIM бойынша жаңа тұжырымдама бар. Ол чип түріндегі классикалық сим-картаның бағдарламалық деңгейде жасалатындығын білдіреді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары eSIM тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», — деді ол. Осы ретте Қазақтелеком басшысы таяу аралықта бұл бағыттағы алғашқы шешімдердің жария етілетіндігін айтты. «Сол кезде ұялы телефонға сим-картаны чип салмастан бағдарлама түрінде жасауға болады. Бұл нұсқа қазір талқыланып жатыр. Меніңше, 5G қосылғаннан кейін технологиялардың басым бөлігі eSIM негізінде енгізіледі», –деді Қ.Есекеев. Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Қуанышбек Есекеев 5G технологиясын тестілеу нәтижесін жария етіп, оның барысында туындаған бірқатар проблеманы атаған еді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда