jasqazaq.kz

Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады

08 ақпан 2021, 15:19


2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жетті.
Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес, кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған. Бұл туралы ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Өңірлер арасында орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Атырау облысында: 377,4 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен жалпы алғанда 61,9 пайызға көп. Орташа айлық жалақысы жоғары аймақтар «үштігіне» сондай-ақ елорда (349,6 мың тг) және Маңғыстау облысы (337,7 мың тг) кірген. Ал төменгі жалақы Түркістан (166,7 мың тг), Жамбыл (168,8 мың тг) және Солтүстік Қазақстан облыстарының (168,9 мың тг) тұрғындары алады. Түрлі салаларда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбекақысында айырмашылықтар байқалған. Мәселен, тау-кен қазу өнеркәсібінде орташа айлық жалақының максималды мөлшері белгіленді (472,3 тыс. тг), ал қаржы және сақтандыру қызметінде бұл көрсеткіш 422,6 мың теңгені құраған. Осы арада, ең төмен орташа айлық көрсеткіш сумен жабдықтау саласында (145,7 мың тг) және ауыл шаруашылығында (147,7 мың тг) тіркелген. Өз кезегінде, білім беру саласында орташа айлық жалақы 176,5 мың тг құраған (ел бойынша орташа көрсеткіштен 24,3% төмен), денсаулық сақтау саласындағы орташа жалақы — 197,4 мың тг (ел бойынша орташа көрсеткіштен 15,3% төмен). Бұл салалардағы орташа айлық жалақы ел бойынша ең төменгілер қатарында. Осылайша, Қазақстанда мұнайшылар мен қаржыгерлер мұғалімдер мен дәрігерлерге қарағанда екі есе көп табыс табады.

ҚазАқпарат

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде