jasqazaq.kz

Елімізде екі аптада 88 адам көлік апатынан көз жұмған

21 маусым 2021, 11:54

Ішкі істер министрлігі еңбек демалысы маусымы басталуына байланысты қазақстандықтарды жол ережесін мұқият сақтауға шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек демалысы кезеңі келісімен автокөлік қозғалысының жиілігі өсіп отыр. Соның әсерінен көліктен келетін қауіп-қатер артты. Кейінгі 2 аптада 428 жол-көлік оқиғасы кезінде 88 адам көз жұмып, тағы 505 адам жарақат алды. Оның ішінде 92 көлік апатында кәмелет жасына толмаған 8 бала қайтыс болып, 102-сі зардап шекті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі – жаяу жүргіншілер», — деп атап өтті Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингіде.

Ведомство өкілі тіркеліп жатқан жол апаттарының негізгі себептеріне тоқталды.

«Аталған жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы. Қала сыртындағы жолдарда болатын апаттардың кісі өлімі көрсеткіші жоғары. Мұндағы басты себеп – жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы және қарсы бағытпен жүруі. Ал елді мекен аумақтарында болатын апаттардың негізгі себебі – жаяу жүргінші жолағын кесіп өту ережесінің бұзылуы және жылдамдықты арттыру. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін сақтау қажеттігін еске салады», — деді Нұрділдә Ораз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия