jasqazaq.kz

Елімізде бірқатар пойыз қозғалысына өзгеріс енгізілді

26 қыркүйек 2020, 14:23

Елімізде кейбір жолаушылар пойыздарының жүру мезімділігі арттырылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Атап айтқанда, төменде көрсетілген жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі артты:

1) №1/2 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматы-2 -ден 2020 жылдың 10 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 11 қазанынан бастап шығатын болды;

2) №11/12 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматы-2-ден 2020 жылдың 13 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 14 қазанынан бастап жүреді;

3) №31/32 «Алматы-2 – Павлодар» 2020 жылдың 11 қазанынан бастап Алматыдан, 2020 жылдың 12 қазанынан бастап Павлодардан күн сайын жөнелтіледі;

4) №603/604 «Нұр – Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық» 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2020 жылдың 3 қарашасынан бастап Арқалықтан күн сайын жүретін болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін, жолаушылардан санитарлық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауларын сұрайды. Сондай-ақ, сапарға шығар күні билеттер болмаған жағдайда, «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске салады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық