jasqazaq.kz

Елімізде бензин тапшылығы қашан болуы мүмкін?

13 ақпан 2018, 13:15

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2021-2023 жылдары аралығында елімізде бензин мен дизельдік отын тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бірінші, төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы бойынша. Халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұрын құрылған жұмыс тобы мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыруынан кейінгі автобензин, дизельдік отын және әуе керосині өндірісі және тұтынуының болжамды балансының толық талдауын жасады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша МӨЗ-дің жаңғыруынан кейін жанар-жағармай өндірісінің ұлғаюы, ішкі нарықты толығымен қамтуы тек орта мерзімге ғана жетпек. Болжамды тұтынушылық өсімді есепке алғанда, автобензин тапшылығы 2021-2023 жылдары, дизельзік отын 2023, әуе керосині тапшылығы 2026 жылдан кейін пайда болуы мүмкін», — деді министр.

Бозымбаевтың айтуынша, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу бойынша жаңа жұмыс тобы құрылып жатыр.

«Келесі кезеңде жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы мен қаржыландыру нұсқалары, мерзімі, потенциалды инвесторлармен келіссөздер жүргізу бойынша жаңа жұмыс тобы құрылуда. Жұмыс тобы тиісті жол картасын әзірлейді. Оны біз осы бейсенбі, 15 ақпанда ведомстволық комиссияның отырысында бекітуге ұсынамыз», — деді ведомство басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде