jasqazaq.kz

Елімізде балалы болғысы келмейтін жастар бар

04 қараша 2019, 12:16

Перзент сүюден бас тартамын! Елімізде баласыз өмірді таңдаған жастардың қатары артып барады. Араларында, тіпті, балаларды жек көретін деңгейге жеткендері де бар екен. Ана болуды азап, әке болуды әлек көретіндер неге көбейіп барады?

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» хабарлайды.

Қарағандылық Гүлім Оразбаеваның жасы 35-те. Тұрақты жұмысы, басында баспанасы бар. Өмірде біраз жетістікке жеткен ару отбасы құрып, балалы болуды ойына мүлдем алмайды екен.

«Бала – ол үлкен міндет. Ол үлкен, қып-қызыл шығын. Бала асырау оңай емес. Біреудің маған масыл болғанын қаламаймын, сондықтан өмірімді өзіме арнаймын», — дейді Гүлім Оразбаева.

Сонымен қатар ол балаларға тым қатты екенін, оларды жақсы көрмейтінін айтады.

«Бала көп ортаға бармауға тырысамын. Бұл мәселенің түбі де өте терең. Қазір білім, денсаулық және тағы басқа салаларға қарап отырсам, жағдай онша емес. Сондықтан менің баламның мынадай жағдайда өсуіне қарсы болар едім. Сондықтан мен одан мүлдем бас тарттым», — дейді 35 жастағы Гүлім.

Гүлім сияқтылар өздерін «чайлдфри» деп атайды. Елімізде әзірге олардың нақты қанша екені белгісіз, өйткені әлі күнге дейін статистика жүргізілмейді. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшаларына 50 мыңнан астам адам жазылыпты. Бұл ретте сарапшылар, мұның соңы жақсылыққа апармайтынын, сондықтан тез арада шара қолдану керектігін айтып отыр.

«Көбіне қазақ отбасыларында ең көп дегенде 3 баладан. Саны да азайып жатыр. Бұл тенденция бізде жылдан-жылға өсе бастайды. Оған қоса, әйелдердің тұрмыс құру жастарының жоғарылауы бар. Яғни бұрын 25 жас болса, қазір бұл – 35-40 жас. Ол да өзінің үлесін тигізбей қоймайды» , — дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова.

Депутаттар да алаңдауға негіз барын ескертіп отыр. Өйткені баласыз өмірді таңдаған жастардың көбеюі ел демографиясына үлкен зиянын тигізеді, дейді.

«Ананың өзінің физиологиялық қасиеті бар. Ер жетіп, бала көтеріп, оны босанып, емізіп, өзінің аналық қасиетін атқарады. Себебі ана болу өте жоғары қасиет қой», — дейді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Айта кетерлігі, елімізде бала туу көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Тіпті Орта Азия елдері арасында антиүздіктердің қатарына еніппіз. Ең өкініштісі, ата-ана болудан ерікті түрде бас тартқандардың барлығы балалы болуға қауқарлы екен. Мұндайда қанша жылдан бері бір перзентке зар болып жүргендерді көріп, еріксіз мұңаясын.

Бұл ретте мамандар, шетелде қанша жылдан бері белең алған «чайлдфри» ағымы елімізге ертелі-кеш болсын, бәрібір келетін еді, дейді. Дегенмен…

«Қыз баланың осы өмірге келгендегі негізгі міндеті, борышы – өмірге ұрпақ әкелу. Бұл оның аналық борышы болып саналады», — дейді тұрғын Жарықгүл Құрманбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде