jasqazaq.kz

Елімізде азық-түлік қымбаттады

12 мамыр 2020, 10:45

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляция деңгейіне болжам жасады.

Бас банкирдің айтуынша, сәуір айында әлемдік қаржы және тауар нарықтарында жағдай түзеле бастады. Оған мемлекеттердің біртіндеп карантиннен шығуы әсер етті. Осының нәтижесінде акциялар нарығы 11 процентке өсті. Мұнай бағасы да күрт түсіп кеткеннен кейін біртіндеп қалпына келе бастаған.

«Ұлттық банктің бағалауы бойынша, әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалдың оң дамуы мен сыртқы жағдайлардың жақсаруы кезінде, сондай-ақ осы жылы мұнайдың бір баррелінің бағасы 35-40 АҚШ долларына дейін өскен жағдайда инфляция дәлізі биыл 6-8% болуы мүмкін», — деді Досаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда инфляция дәлізі 9-11 процент болады деп болжанып отыр.

Досаев төтенше жағдай мен карантин азық-түлікке деген сұранысты күшейткенін атап өтті. Ал импорттың көлемі азайған. Соның салдарынан азық-түліктің бағасы бір айда 1,9 процентке өскен. Жылдық көрсеткіш 10,4 процент болуы мүмкін. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

«Ал сәуір айында ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіруді қысқартуы мен акциялар нарығындағы позитивті жағдай теңге үшін оң үрдіс болды. Нәтижесінде сәуір айында ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 424,57 теңгеге дейін, 5,2 процентке нығайды», — деп түйіндеді Досаев.

Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия