jasqazaq.kz

Елімізде әуе билеттері қымбаттады

07 мамыр 2019, 16:07

Елордадан ұшатын бірнеше бағыт бойынша бағаның біршама өскені байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24» Бұған себеп болған мереке күндері.

Демалыста діттеген жеріне ұшақпен жету үшін қазақстандықтардың қалтасы біршама сомаға қағылатын болды. Бағаны сараптау үшін біз солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерді қарастырдық. Әуе компаниялардың сайттарындағы мамырдың 9-сы мен 12-сі аралығына арналған билет бағасын салыстырдық. Сонымен, демалыста елордадан Қостанайға тікелей әуе рейсімен барып-келу — 80 мың теңге. Шымкентке сәл арзан. 70 мың теңгеден асады. Ал Нұр-Сұлтан-Атырау бағытында ұшатын тұрғындарға барып келу құны — 96 мың теңге. Бірақ ең қымбат баға Нұр-Сұлтан-Өскемен бағытында тіркелді. Шығысқа барып келу үшін қалатаңызда кем дегенде 120 мың теңге болуы керек. Сондай-ақ, тұрғындар жиі пайдаланатын Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы рейстерге ең арзан әуе билеттері — 50 мың теңге. Мереке күндері болғандықтан билеттер шамамен екі есе қымбаттаған. Мысалы, мамырдың 13-сі мен 16-сы аралығында Алматыға, демалыс күндеріне қарағанда, екі есе арзан бағаға баруға болады. Билет құны — 28 мың теңге. Ал Өскеменге ұшақпен барып-келу — 36 мың теңге, Атырауға — 56 мың теңге. Ал шырайлы Шымкентке әуе жолдары арқылы 35 мың теңгеге барып келуге болады. Ұшақ билеттерінің құнын қалтасы көтермейтін тұрғындар діттеген жеріне пойызбен жетеді. Байқағанымыздай, теміржол билеттерінің бағасы әзірше өзгермеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде