
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.
28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 28-29 қаңтарда Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 28 қаңтарда Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 28-29 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz