jasqazaq.kz

Елімізде әскери қызметке алынған әрбір екінші бозбала ауру

17 қазан 2019, 12:47

Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Біржан Елтанов айтты.

Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясын талқылау барысында депутат Бақыткүл Хаменова әскерге баратын жастардың денсаулығына алаңдаушылық танытқан еді. «Елжан Амантайұлы (ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов), елде әскери қызметке алынған әрбір екінші бала ауру, қазір. Қазақ: «Рухыңды қорғаймын десең, ұлыңды қорға«, — дейді. Ұлды қорғамасақ, ертең елді қорғай алмаймыз. Сондықтан елдің бас дәрігері ретінде жанаршырлық танытып, әскерге алынып жатқан бозбалалардың жағдайына кешенді жоспар қолдансаңыз», — деген еді ол. Осы мәселеге орай Елжан Біртанов қазіргі уақытта Үкімет тарапынан Денсаулық сақтау министрлігі атқарушы органдармен бірлесіп, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты. «Біздің жоспарымызға сәйкес бұл жұмыс аяқталып келе жатыр. Мемлекеттік бастаманың ең негізгі бағыты — балалар мен жастардың денсаулығы. Соның ішінде, әрине әскери қызметке дайындау, репродуктивті денсаулық, дені сау ана болу мәселелері қарастырылады», — деді министр.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда