jasqazaq.kz

Елімізде әрбір екінші отбасы ажырасады

11 қантар 2019, 14:13

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы белең алды. Бұл туралы «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнар Байымбетова Астанада өткен арнайы отырыста мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда отбасы мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәдениетіне баса назар қойылып отыр. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдар, 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заңнамалар Тұрақты даму мақсаттарының бірі — гендерлік сезімтал қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталаған. Бірақ, іс жүзінде қазіргі механизмдер жеткіліксіз», — деді Г. Байымбетова Астанада өткен «Бала аумағы — бақыт аумағы» отырысында. Оның айтуынша, Қазақстанда әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады, оның 83%-ының ортақ балалары бар. 400 000 ана балаларын жалғыз тәрбиелеп отырса, 60 000 жалғызбасты әке бар. «Келешек» психологиялық орталығының директоры, Астана қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Наталья Семененко елордадағы жағдайдың да мәз еместігін жеткізді.

«Ажырасушылар саны өте көп. Статистикалық дерек бойынша, Астанада әрбір үшінші отбасы ажырасады. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде — әрбір екінші отбасының шаңырағы шайқалады. 82%-ының ортақ балалары бар. Өткен жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам ажырасу фактісі тіркелді», — деді Н. Семененко. Британдық «The Economist» басылымының әлемдік рейтингінде Қазақстан ажырасу саны бойынша 10-орында тұр. Сарапшылар неке бұзылғаннан кейінгі балалардың тұратын жері мен ата-аналардың баламен қарым-қатынас уақыты туралы дау-дамайдың да айтарлықтай өскенін жеткізді.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер