jasqazaq.kz

Елімізде алғаш рет корона-такси жұмыс істей бастады

16 шiлде 2020, 17:38

Қазіргі уақытта​ корона-такси пневмония және коронавирустан үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталмыш қызмет түрі ел бойынша бірінші рет Атырау облысында ұйымдастырылып отыр.​ Әзірге ковид-такси түнгі кезекте қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта аталмыш такси санын көбейту жоспарланған. Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметіне түсіп жатқан шақыртулар өте көп.

«Ал, корона-такси қызметі жүктемені азайтуға ықпал етуде. Ковид такси толыққанды бригадамен тең дәрежеде медициналық қызмет көрсете алады. Ковид такси коронавирус, пневмонияға шалдыққандармен бірге, қызуы көтеріліп тұрған науқастардың шақыртуына да барады. Егер коронавирусқа шалдыққан науқас дәрігердің қабылдауынан шығып, үйіне жете алмай тұрса, ​ковид-такси қызметін пайдалана алады. Ковид таксидің бригадасы жүргізуші мен ​фельдшерден тұрады. Өкінішке қарай, біздің де қызметкерлеріміздің арасында науқастанып жатқандар бар. Қазіргі уақытта қолда бар күшті максималды түрде тиімді пайдалануға тырысып отырмыз», — дейді Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева.

Ерекше атап өтерлігі, ковид такси жүргізушілері қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Олар базалық реанимациялық көмек бойынша оқытудан өткен.

Сонымен бірге, пневмония, коронавирусқа шалдыққан науқастар ковид такси қызметін ​ дәрі-дәрмек тасымалы үшін де пайдалана алады. ​​Айта кетелік, пандемия басталғалы бері ​ Атырауда жедел жәрдем шақырту көбейген.

Бұрын тәулігіне 700-800 рет шақырған болса, қазіргі жағдайда облыс бойынша шақыру саны тәулігіне 1300-ге дейін артқан. ​

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия