
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында Қазақстан Қой шаруашылығы мамандарының съезі өтті.
Сьез ұйымдастырушылары Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты және оның филиалы – қой шаруашылығы ҒЗИ, қой шаруашылығының республикалық палаталары болып табылады.
Съезде қой шаруашылығының қазіргі күй-жайы, қазіргі таңдағы салалық жетілмеген мәселелерді толықтай жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, келешекте қой шаруашылығын дамытуға Қазақстанның мемлекеттік қолдау жөнінде нақты ұсыныстар әзірленбек.
Съез аясында «қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының даму тенденциялары мен перспективалары» ғылыми-практикалық конференциясы, қой мен ешкілердің отандық және шетелдік тұқымдарының, технологиялық жабдықтары мен ветеринариялық препараттардың көрмесі, асыл тұқымды малдардың аукционы, теңдестірілген азықтың рационын құру, қойларды бағалау және қырқу бойынша мастер-кластар ұйымдастыру.
Съезге Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің, Алматы облысы мен Жамбыл ауданы әкімдіктерінің, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) өкілдері, Франция мен Ресейден келген шетелдік сарапшылар, фермерлер қатысты.

Араға төрт жыл салып өткізілген сьезге еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаруалар өнімдерін таныстырды. Бұл көрменің ерекшелігі, елімізде бұрындары болмаған аукцион ұйымдастырылды.

Аукцион кезінде келушілердің көзіне түскен қой тұқымының бірі – гиссар. Салмағы 180 келіге дейін жететін жануарды әлемдік нарықта 16 000 долларға дейін саудалаған. Денесінің ірілігі мен еттілігінің жоғары болуына байланысты тұрғындар қошқарды сатып алуға тырысып жатыр. Әрбірінің құны тұқымына сай нарықтағы бағасымен белгіленген. Ең бірінші болып Иль де Франс етті қойы 50 мың теңгемен шығарылып, бәс сауда кезінде 60 мың теңгеге өтті.

Ал Гемпшир тұқымды қошқарды Түркістаннан келген Абылайхан есімді жігіт сатып алды. Ең жоғары бағаға Орталық Азиядағы кеңінен танымал болған Гиссар тұқымының қошқарын Жаркент өңірінің азаматы Дархан Наймантаев сатып алды. Ол гиссар 200 мың теңгеге бағаланды.