jasqazaq.kz

Елімізде адамның аты жазылған автонөмірлер пайда болуы мүмкін

03 қантар 2018, 20:28

Мәжілісмен Омархан Өксікбаев Еуропа, Америкадағыдай көлікке нөмірдің орнына иесінің есімін жазуға рұқсат беруді ұсынды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Депутаттың айтуынша, нөмірдің орнына адамның аты мен көліктің қай аймақта тіркелгенін көрсететін белгі болса жетеді.

Ал азаматтар машинасына өз есімін жазу үшін бөлек ақша төлейді. Оның бағасы кем дегенде 500 мың теңгеден басталу қажет дейді Өксікбаев. Нәтижесінде қазынаға қосымша табыс түседі.

«Бізде де байлар бар өзінің атын жазып алғысы келетіндер. Неге оны енгізбеске? Онда оның бағасын бюджетке қомақты қаржы түсетіндей көлемді қояйық. Ертеңгісін атын жазып алып жүретін адам болса, жүре берсін. Бұл нөмір машинаның жеке айқындайтын белгісі. Сондықтан ол жерде тұрған артықшылық ештеңе көріп тұрған жоқпын», — дейді мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды