jasqazaq.kz

Елімізде адам жүрегін тоқтататын дәрі еркін сатылуда (видео)

14 ақпан 2019, 18:01

Отандық дәріханаларда қауіпті «Эреспал» препараты еркін сатылымда жүр. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының зерттеушілері дәрінің адам жүрегін тоқтататын препарат екенін растап отыр деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Қазақстан дәріханаларында препарат еркін сатылуда.

Франциялық сарапшылар аталған дәрінің қауіптілігін бірінші болып айтқан. Препараттың жүрек соғысын бұзатыны дәлелденіпті.
Бұл туралы «Сервье» фармакологиялық компаниясының Ресейдегі өкілдігі ресми сайтында жариялады.

Олардың айтуынша, эреспал — демікпе, ринофарингит, ларингит және қызылша секілді бірнеше ауруды емдеуге арналған.
Мамандар препарат жүректің тоқтауына әкелетіндіктен, оны ұқсас дәрімен алмастыруды ұсынады.

Аталған дәріні сатуға Францияда рұқсат етілмеген. Осындай шешімді Ресейліктер де жақында шығарады.

«Дәріні шығарушы компанияның өзі ерікті түрде бұл препараттың адам өміріне қауіпті екенін растап, бізге хабарлап отыр. Кез келген дәрінің өз мерзімі болады.
Біз қазір жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ, біздің қандай да бір шешім шығаруға құзыретіміз жоқ», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің Фармакологиялық қадағалау және мониторинг орталығы басшысының орынбасары Мәлік Әбдірахманов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда