
Ел халқының 29 пайызы жастар. Олардың 2 миллионы еңбекке тартылған. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз.
Яғни 82 мың азамат екі қолға бір күрек таппай отыр. Жыл сайын 120 мың бала мектеп бітіреді. Олардың тек 60 пайызы ғана жоғары оқу орнына түседі. Бүгінгі таңда жас мамандардың 25 пайызы орта мектепті бітірсе, 39 пайызы білімін кәсіптік білім беру мекемелерінде жетілдірген. Ал қалғаны жоғарғы оқу орындарының дипломын иеленген.