jasqazaq.kz

Елімізде 45 мектеп апатты жағдайда тұр

23 шiлде 2018, 20:49

Қазақстандағы 45 мектеп апатты жағдайда тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде белгілі болды. Ал 106 білім ордасында әлі күнге дейін 3 ауысыммен оқу мәселесі өз шешімін таппай тұр.

Мұндай мектептердің басым бөлігі Алматы, Ақтөбе облысы мен оңтүстік өңірлерде орналасқан. Салдарынан мұндағы санитарлық-гигиеналық жағдай нашарлап барады. Сол себепті қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мектеп ғимараттарын жіті тексеруге кірісті. Сондай-ақ мамандар оқулықтар мен мектеп формасының стандарттарға сәйкестігін қадағалауға алады. Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы: – Оқулықтардың салмағына қатаң талап қойылады. Әр сыныптағы балалардың кітаптары белгілі бір шамадан аспауы тиіс. 1-4 сынып оқушыларының әр кітабы 300 грамнан ауыр болмағаны абзал. 5-6 сынып кітабының салмағы – 400 грамм, ал жоғары сыныпта оқитын балалар 500 грамнан асатын кітапты алып жүрмеуі тиіс. Былтыр бұл талаптарды баспалардың бірі бұзған болатын. Кейін ол оқулықтар екіге бөлінді.

24.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді