
Синоптиктер 25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, аяздың беті әлі қайтпайды.
«Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі. Солтүстік-орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32…37 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30 градусқа дейін аяз күтіледі», — деп болжады «Қазгидромет» өкілдері. Тек батыс облыстарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін екені айтылады. Осы категория бойынша: « Алдағы күндері елордада ауа райы қандай болады? Елімізде бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды »