
Синоптиктер 20-22 желтоқсанда елімізде күн суытып, аяз болады деп болжап отыр.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Арктикалық суық ауа фронтына байланысты, алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел соғады деп күтіледі.
Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклонның осы фронттың артынан жылжуы салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Ал Қазақстанның таулы және тау бөктерінедіг аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің әсерінде болады. Бұл өңірде аздаған қар жауып, тұман тұтып, көктайғақ болады.
Республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады деп күтілуде. Алайда солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді. Бұл климаттық нормадан 6-9 градусқа төмен.