jasqazaq.kz

Елімізде 1 мыңнан астам ауылда интернет жоқ

16 қараша 2021, 15:10

Елімізде ұялы байланыс операторларының жұмысы сынға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік органдардың мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 1 178 ауыл интернетпен қамтылмаған. Және 510 ауылда интернеттің сапасы нашар. Бұған қатысты Мемлекет басшысы да ескерту жасап, құзырлы органдарға тапсырма берді. Қазір уақытта отандық нарықта Beeline, Tele2, Altel, Kcell секілді бірнеше ұялы байланыс операторы бар. Ашық деректерге сәйкес, аталған ұялы байланыс операторларының кірісі 2018 жылы 240 млрд теңге, 2019 жылы 360 млрд теңге және 2020 жылы 472 млрд теңгені құрап отыр. Одан бөлек, ұялы байланыс компанияларының желіні жаңғырту жұмысына тартылған инвестицияны есептеңіз. Инвестицияның жылдық көлемі Beeline компаниясында 27 %, ал қалғандарында 5,7 % -ды құрайды», — деді ҚР Байланыс және цифрландыру ұлттық қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаев елордада өткен отандық телекоммуникация және цифрландыру саласының даму барысына арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, әсіресе ауылдық жерлердегі интернет сапасы еш сын көтермейді.

«Ұялы байланыс операторларының кірісі жоғары, бірақ сапалы интернетпен қамти алмай отыр. Әсіресе ауылда. Осы орайда заңнама жағын қайта қарау керек», — дейді ол. Сондай-ақ, спикер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне аталған сала қызметіне қатысты ревизия өткізуді ұсынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде