jasqazaq.kz

Елімізде 1 миллионнан астам адам несиесін өтей алмай отыр

01 қараша 2018, 10:53

Қазақстанда 1 млн 102 мың адам алған несиесін өтей алмай отыр. Несие алушылардың ісі қарыз өндіру үшін коллектор агенттіктерге жіберілген. 14 млн-ға жуық адамның несие алуына шектеу қойылған.

Мектеп жасындағы балалар мен зейнеткерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар несие ала алмайды. Жалпы бүгінде елімізде 3,5 млн адамның банктерге қарызы бар. Оның 64 пайызы берешегін толық өтеуге қауқарсыз. Мамандар соңғы екі жылда тұтыну несиенің көлемі 48 пайызға артқанын айтады. Қазақстанда жыл басынан бері берілген кредиттердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 2 трлн теңгеге ұлғайды. Экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 7% немесе 816 млрд теңгені құраған. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде, осындай көрсеткіш шығып отыр. Ал кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 12,2%-ға дейін төмендеді. Қазақстан банктерінде 2019 жылдың басында тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Ондағы мақсат – тәуекелі жоғары саясат ахуалына жол бермеу.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді