jasqazaq.kz

Еліміз бойынша ең жоғарғы жалақыны Атырау облысы алады

01 тамыз 2018, 17:56

2018 жылдың екінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 162 751 теңге болды. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 108,5%-ға, нақты жалақы индексі 102,2%-ға тең болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады деп жазады «Атырау» басылымы.

Салалық құрылымдар бойынша ең үлкен атаулы жалақы:

қаржы және сақтандыру қызметінде – 335,3 мың теңге; (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе артты);
кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есе артты),;
өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есе артты);
ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есе артты);
құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есе артты) байқалды.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде болып шықты – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.
Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары.

Жамбыл облысында ең жоғары айлық еңбекақы көлемі 111,2 мың теңге болды, еліміз бойынша бұл орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.

Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді