jasqazaq.kz

Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

06 наурыз 2018, 11:50

Кәсіпқой боксқа қадам басқан қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов алғашқы жекпе-жегін 28 сәуір күні өткізетін болды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында боксшы келісімге келген Boxing Star LLC менеджерлік компаниясының өкілі Зия Алиев мәлім етті.

«Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Нью-Йоркта 28 сәуір күні өткізеді. Ол бокс кешінің ең басты кездесуінде Дэниеэл Джейкобс шығуы керек. ҚазАқпарат хабарлағандай,  Даниярдың екінші кездесуін 2 маусым күні Лондонда өткізу жоспарланған», — деді Зия Алиев. Елеусіновтің 28 сәуірде өтетін кездесуде кіммен шығатыны әлі белгісіз. Еске сала кетсек, бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің бүгін промутері белгілі болды. Боксшымыздың промоутері британдық Эдди Хирн. Эдди Хирн супер ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобстың (33-2, 29 КО) промоутері болып табылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде