jasqazaq.kz

Елена Рыбакина өзін «Ресейдің дайын өнімі» дейтіндерге жауап берді 

12 шiлде 2022, 17:09

Қазақстандық теннисші, Уимблдон – 2022 чемпионы Елена Рыбакина өзін «Ресейдің дайын өнімі» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға ауысқанда мен юниор болдым. Юниорды дайын өнім деп айтуға болмайды. Оның үстіне юниордан кәсіби деңгейге өту өте қиын. Ол үшін жақсы команда болу керек. Кәсіби спортқа көшіп, одан әрі сәтті жалғастыру екінің бірінің қолынан келмейді. Санаулы адам ғана шыңға шыға алады. Бұл тұрғыда маған сәті түсті. Сондықтан дайын өнім дегенмен келіспеймін», — деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, тілшілер спортшыдан болашақта Ресейге қайта оралуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

«Қазір айта алмаймын. Биыл Ресейде ешқандай турнир жоспарланып жатқан жоқ. Мен Ресейдің атынан ойнаймын ба оны жағдай көрсетеді. Яғни бәрі жоспарға байланысты. Дәл қазір иә, жоқ деп айта алмаймын», — дейді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр