Электрондық еңбек биржасының мүмкіндігі мол

20 тамыз 2018, 12:24

Электрондық еңбек биржасының мүмкіндігі мол. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған цифрландыру күніне арналған іс-шарада осы мәселе жан-жақты айтылды. Басқосу ЭКСПО қалашығындағы Astana Hub аумағында өткізілді.

Жиынға аталған министрлік өкілдері, ІТ саласының бизнес өкілдері мен өз істерін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер, бірқатар ІТ мамандары қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі вице-министр Нариман Мұқышев цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыс жайын баяндады. Жиын соңы сұрақ-жауап форматына ауысып, келушілермен өзара пікір алмасты. Жиынға қатысушылар IT-технологиялар саласындағы өз тәжірибесін ортаға салды. «Біз саланы цифрландыру мәселесінде ІТ компаниялармен тығыз жұмыс істейміз. Себебі автоматтандыру-цирфландыру мә-селесінде ІТ-нарықтағылардың тәжірибесі мен ұсыныстары аса маңызды. Мұның қарапайым мысалы ретінде Электронды еңбек биржасын (ЭЕБ) атауға болады»- деді вице-министр. Н.Мұқышев Электрондық еңбек биржасының жұмысы және электронды еңбек келісімшарттарын енгізу туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Ол база – бүгінде құрылған, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы іске асырылған жобасы. Оның аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру процесі электронды форматқа көшіріліп, жұмыс іздеушілер мен вакансиялардың ірі базасы қалыптасқан. Аталған министрліктің дерегіне сүйенсек, бүгінгі күні ЭЕБ қызметін 58 мың жұмыс беруші мен 225 мың жұмыс іздеуші пайдаланған. Сондай-ақ ЭЕБ арқылы 203 мың азамат жұмысқа орналастырылып, оның базасында 36 мың бос орын мен 91 мың түйіндеме жарияланған. «Электронды еңбек биржасы қазір жұмыс істеп жатыр. Енді соның аясында бірқатар жаңа бағыттар ашуда-мыз. Мысал ретінде «сағаттар аутсорсингі» жобасын атауға болады. Біз жұмысқа орналастыру тетігі бойынша лот арқылы нарыққа шығарамыз. Яғни, «Егер мына азаматтарды жұмысқа орналастыратын болсаңыз, біз сізге ақша төлейміз» дейтін боламыз», деді Н.Мұқышев. Вице-министрдің айтуынша, аталған жоба шамамен осы жылдың қазан айында іске қосылмақ. «Сондай-ақ еnbek.kz сайтында біліктілік дәрежесі көрсетілген азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған белгілі бір лот орналастырылады. Азаматтар тұрақты жұмысқа орналастырылған жағдайда мемлекет төлейтін қаражат көлемі де көрсетіледі. Олардың тұрақты жұмысқа орналастырылуы маңызды. Бір-екі ай жұмыс істеп, одан соң жұмыстан босатылуы жарамсыз», деді министрдің орынбасары. Мәлім болғандай, қазіргі уақытта 45 жекеменшік жұмыспен қамту агенттігі Электронды еңбек биржасын қолданып отыр. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында олар 8182 бос орынды жариялаған.

Жарас Шөке

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде