jasqazaq.kz

Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг ферма табылды

19 қараша 2021, 12:53

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері ЖШС-ның біріне тиесілі майнинг фермасының заңсыз қосылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электр энергиясын қосудың бұл фактісіне «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола ЖЭТ» филиалы жол берген. Майнинг тарапынан электр қуатына қосылу және тұтыну кернеуі 500 килоВольт жоғары вольтты кіші станциядан жүргізілді. Майнингтік фирма қызметін цифрлық даму саласындағы уәкілетті органды өз қызметі туралы хабардар етпей жүзеге асырған.
Комитет «КЕGОС» АҚ-ға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізуде.

«Сұр» майнинг фермаларын электр желілеріне қосуға жол берілмейтініне және заңнамаға сәйкес әрбір факті бойынша ден қою шаралары қабылданатынына және электр энергиясы қуатының нарығы шеңберінде тиісті өндіріп алулар қолданылатынына назар аударамыз, дейді ҚР Энергетика министрлігі.
Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен және энергетикалық кәсіпорындармен бірлесіп, ҚР заңнамасын бұзатын «сұр» майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша жұмысты жалғастыруда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде