jasqazaq.kz

Электр токпен балық аулаған тұрғын ұсталды

06 мамыр 2020, 14:29

Қызылордада электр токпен заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды. 1 сәуір мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.

4 мамырда ОПД-нің ЖПҚБ-ның табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері рейд барысында Шиелі ауданы Бестам ауылының тұсында “Nissan” автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, заңсыз электр ток пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды. Ұсталған тұрғыннан резеңке қайық, аккумулятор және 27 келіден аса балық алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде