jasqazaq.kz

Электр энергиясы 8 пайызға арзандады

22 сәуiр 2019, 14:28

Қазақстанда электр энергиясының тарифы 2019 жылдың наурыз айында тура бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8 пайызға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, электр энергиясының тарифы Қазақстанда наурыз айында электр плитасын қолданбайтын және өзге де құрылғыларды пайданалатын қазақстандықтар үшін біршама арзандаған. Нақтырақ айтқанда, электроплитаны қолданбайтын республика тұрғындары үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 133 теңгені (2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 8,4 пайызға арзандаған), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 458 теңгені (-6,7%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 799 теңгені (-5,5%) құраған. Электроплиталарды қолданатындар үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1110 теңге (-8,7%), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1458 теңге (-6,9%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1800 теңге (-5,4%) болған. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында электр энергиясының өндірісі 28,1 млрд кВт/сағатты құраған (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға аз). Электр энергияны жеткізу және тарату шығындары 286,2 млрд теңгені (өткен жылдың шығынан қарағанда 13,9 пайызға аз) көрсеткен. Қазақстанның электр энергиясы жүйесінің бірыңғай операторы — «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company, қысқаша KEGOC). Қазақстанда электр энергиясын әртүрлі иеліктегі 138 электр станциялары өндіреді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық