jasqazaq.kz

Елдос Жұмаханов жүлдесі өтті

22 желтоқсан 2019, 15:16


Кеше Алматы қаласында, Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жұмаханов Елдостың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Жарысқа 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер қатысты.
Турнирге, Нұр-Сұлтан қаласынан, Маңғыстау облысынан, Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды облысынан, Қостанай қаласынан, Тараз қаласынан, Алматы облысынан және Алматы қаласынан жалпы саны 27 команда қатысып, 250 спортшы бақ сынады. Байрақты бәсекеге Елдостың туған жері ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңа-ауылдың балғын дзюдошылары арнайы келіп қатысты.
Алматы қаласы, Жетісу ауданының әкімі, белбеу куресінен «Халық Барысы», қазақ күресінен «Алматы Барысы» Қиқымов Мақсат Сәкенұлы,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жұмақанов Елдостың жеке бапкері Қалиев Сейдолла, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, дзюдан Еуропа Кубогының жеңімпазы Оразалин Нұрлан, дзюдодан «Темир Дос» спорт кешенінің аға жаттықтырушысы Аязбеков Дүйсен, Жаңа-ауылдан дзюдо жаттықтырушысы Біржан Көпжасаров жарыстың құрметті қонақтары болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1-ші орынға Алматы облысы, Қарасу спорт клубы командасы ие болды.
2-ші орынға Қараганды облысының командасы табан тіреді.
Жүлделі 3-ші орынмен Алматы қаласының, «Лашын» спорт клубы марапатталды.
Туған жері Жаңа-ауыл спорт залына Елдос Жұмаканов өз атынан 10 кимано сыйға тартты.
Жарыс жеңімпаздарына, медаль, кубоктар, ақшалай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осы жарыстың өтуіне ұйытқы болған Жетісу ауданының әкімі Қиқымов Мақсатқа, жарысқа демеуші болған кәсіпкер азаматтар: Алмас Мұқажан мен Марат Оспанға Елдостың ата-анасы отбасының атынан алғыс білдірді.

Нұргүл Жамбылқызы

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда