jasqazaq.kz

Елдің үш өңірінде вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды

09 шiлде 2021, 13:18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысқан медициналық қызметкерлерді үш өңірде ұстады. Бұл туралы агенттік басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жағдай вакцинация паспорттарын қолдан жасауға дейін барды. Кеше ғана еліміздің үш өңірінде оларды сатумен айналысатын медицина қызметкерлері ұсталды. Олар вакцина алмаған адамдарға құжат жасаған», — деп мәлімдеді Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұстау операциясы Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген.

«Осы жалған вакцинация паспортын алған адамдар қасымызда, ғимаратта, көлікте бізбен жүруі мүмкін. Бұл жерде жемқорлық қана емес, сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіру де бар», — деді Ахметжанов.

Ол бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Бұған дейін ІІМ өкілдері алғашқы жарты жыл ішінде ішкі істер органдарының өндірісінде вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс болғанын мәлімдеген. Алматыда екі жағдай, Алматы және Ақмола облыстарында бір-бірден анықталған. Олар бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия