
Жаз айында дүркіретіп той өткізіп, елдің талқысына түскен тақырбас келін ана атанды.
Жәния MAKVIN лақап атымен шыққан Нұрболат Базарбаевтың әйелі. Ол «Қазақстан дауысы» және «Хочу к Меладзе» жобалсы арқылы танылған әнші. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Сәбилі болғанын Нұрболат Базарбаевтың әйелі Жәния мәлімдеді. Ол баласымен түскен суретін желіге жүктеді.
“Бізге бір күн болды”, – деп жазды Жәния желіде.
Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, тілегін жазды.
“Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын”, “Ана бақыты бұйырғаны үшін қуаныштымын”, – деп жазды желі қолданушылары.
Әлі де тақырбас күйінде жүргені үшін сынға алғандар болды.
“Ана атанғаныңды шашыңды өсіріп, орамал тағатын шығарсың енді”, – дейді бірі.