jasqazaq.kz

Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

27 қантар 2021, 15:45

Қазақстандық қоғамда қызу пікірталас тудырған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова айтты.

Оның айтуынша, заң жобасын бастамашы депутаттар 22 қаңтарда кері қайтарып алған.

Заң жобасының нормалары қоғамда қызу пікірталас тудырды. Барлық объективті ұсыныстарды, ескертулер мен мәлімдемелерді таразылай келе, аталған заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысы айтқандай: «Негізгі мақсат — әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау». Қазір біз заң жобасының жаңа мәтінімен жұмыс істеп жатырмыз, — деді Нұрманбетова.

Депутат заң жобасының жаңа мәтіні барлық мүдделі мамандарды, азаматтық сектор өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, барлық талқылау алаңдарында міндетті түрде талқыланатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол қамқоршылық органдарына балаларды «кез-келген себептермен» алуға мүмкіндік беретін нормаға да тоқтала кетті.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің қолданыстағы 82-бабында баланың өміріне немесе денсаулығына дереу қауіп төнген жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның құқығы бар деген нормалар қазірдің өзінде қарастырылған, баланы дереу ата-анасынан немесе бала бірге тұратын басқа адамдардан алуға құқық беретін. Сонымен қатар, сот шешім шығарғанға дейін бала қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорғауында болады деп еске салды ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде