jasqazaq.kz

Елді шулатқан Төреғали Төрәлі халықтан кешірім сұрады

19 ақпан 2018, 10:39

Өткен жылы Павлодардағы жеке концертінде әрекетімен елді шулатқан Төреғали Төрәлі тағы да халықтан кешірім сұрады. Бұл жолы Ұлы дала баласын мұнысын өлеңмен жеткізді. 
«Сөз беремін, мен енді өзгеремін
Отаным жоқ өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің, еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім.
Кешірім сұрағаным
Өз арым, өз беделім!», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында өткен ән кешінде Төреғали Төреәлінің көрермендердің біріне зекіген видеосы желіні шарлап кеткен еді.   Видео Қазнетте қызу талқыға түсіп, Ұлы дала баласының әрекеті жұрттың наразылығын тудырған. Кейін әнші оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, бұл қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.    Кейін Павлодар облысының билігі Төреғали Төреәліні соңғы жайттардан кейін концерттерге шақырудан бас тартатынын мәлімдесе, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы даулы концертке қатысты шара қолданатынын айтқан.

 NUR.KZ.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық